Хуситтер берілгенше шабуылды тоқтатпайтын болды
Хуситтер берілгенше шабуылды тоқтатпайтын болды
2 жыл бұрын 692

Сауд Арабиясы жетекшілік еткен коалиция күштері Йеменге шабуылын тоқтатпайтын болды. Бұл жайында саудиялық әскерилер хабарлады. Олар хусит тайпасының адамдары беріліп, тізе бүккенше шабуылды тоқтатпайтындарын мәлімдеді. Оның үстіне, халықаралық гуманитарлық көмек көтерілісшілердің қолына өтіп кеткен. Біріккен Ұлттар Ұйымының үстіміздегі жылдың мамыр айының 15-і күні келтірген мәліметіне қарағанда, Йемендегі соғыстан қаза тапқандар саны 1800 адамнан асып кеткен, 7500-ге жуық адам жарақат алған.

0 пікір