Христиандарға үнді нанымын қабылдату үшін жанталасып жатыр
Христиандарға үнді нанымын қабылдату үшін жанталасып жатыр
9 жыл бұрын 2807

Үндістанның жоғарғы соты қабылдаған қаулыда христиандықты тастап, индус нанымына өткендерге білім беру саласында және еңбек нарығында артықшылықтарға ие болатыны айтылған. Құзыретті органның бұл шешімі өз кезегінде Азияның осынау еліндегі діни азшылықты құрайтындардың жағасын ұстатса, құқықтанушылар аталмыш шешімнің конституцияға қайшы келетінін айтып отыр. Бұл жайында OnIslam.net ақпарат көзі хабар таратты. «Бұл 60 жыл бойы қолданыста болып келген конституцияның әр постулатына қайшы келеді», - деді жоғарғы сот қорғаушысы Ребекка Массен Джон. Жоғарғы соттың мұндай шешім қабылдауына 1984 жылы 24 жасында атасының ықпалымен христиан дінін қабылдаған Кералы К.П. Ману есімді тұрғынның шағымы себеп болған. 2006 жылы жұмыс берушісі оның есіне атасының христиан болғанын салып, биліктің ұйғарымы бойынша осы уақыт аралығында, яғни, цемент зауытында істеген жылдары алған 1,5 млн рупи қаржыны мемлекетке қайтаруды талап еткен екен. Осы талапқа байланысты ол индус нанымын қабылдап, жұмыс орнын сақтап қалса бір жағынан, екіншіден, жеңілдіктерге қол жеткізді. Айта кету керек, өткен жылы сайтымызда Үндістандағы лашықтарда күнелтетін тұрмысы төмен, діни сауаты шамалы мұсылман отбасыларын радикалдар қорқытып-үркітіп немесе ақшамен алдап индус нанымына кіргізіп жатқаны турасында хабарлаған болатынбыз. 

0 пікір
Мұрағат