Христиандарға қарағанда мұсылмандар босқындарға көп қарасқан
Христиандарға қарағанда мұсылмандар босқындарға көп қарасқан
7 жыл бұрын 2740 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Германия мұсылмандары христиандарға қарағанда  босқындарға екі есе көмек көрсеткен. Дініне қарамастан немесе діні белгісіз мұқтаж жандарға келгенде мұсылмандар ешкімді бөле-жармаған. BertelsmannStiftung қауымдастығының зерттеу нәтижесіне қарағанда, Германиядағы мұсылмандар өзге наным-сенім өкілдеріне қарағанда әлдеқайда белсенділігімен көзге түсіп отыр. Нақты санмен өрнектесек, мұсылмандардың 44 пайызы босқындарға көңіл бөліп, қолынан келгенше жәрдемдескен. Ал бұл көрсеткіш христиандар арасында 21 пайыздан аспаған. Яғни, христиандардың 21 пайызы ғана босқындар игілігі үшін қайырымдылық істеріне атсалысқан. Діннен алыс немістер арасындағы көрсеткіш 17 пайызды құраған. Босқындарға көмек көрсету мәселесінде. Бұл жайында The Independent ақпарат көзі хабар таратқан. Тұтастай алғанда, Германия тұрғындарының бестен бірі соңғы жылдары босқындарға қарасқан. 

0 пікір
Мұрағат