Христиандарға қажылыққа жолдама берілді
Христиандарға қажылыққа жолдама берілді
6 жыл бұрын 3864 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әлеуметтік желіде Саудия билігінің ливандық христиандардың саяси көсемі Самир Жажаға қажылыққа жолдама бергені қызу талқыланып жатыр. Бұл жайында "әл-Жазира" ақпарат көзі хабар таратты. Нақтырақ айтқанда, жергілікті христиандардың көсемі Самир Жажа жетекшілік ететін парияға 300 адамға қажылыққа квота бөлінген. Алайда, Ливандағы Саудия елшісі Уәлид әл-Бұхари тек бұл партия үшін 25 адамға квота бөлінгенін алға тартып отыр. Наным-сенімі өзге адамдарға қажылыққа барудың қажеттілігі қанша? Жұртшылық осыған бас қатырып отыр. 


0 пікір
Мұрағат