Христиандар да намазға жығылуға мәжбүр болды (видео)
Христиандар да намазға жығылуға мәжбүр болды (видео)
3 ай бұрын 1202 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Алапат өрт құшағында қалған Австралия тұрғындарының дәл қазіргі уақытта бір-ақ арманы бар. Ол –жауын. Тілсіз жаудан, табиғи апаттан, құрғақшылықтан титықтаған осы елдегі христиандар да мұсылмандармен бір сапта тұрып, сәждеге бас қойып, Алладан жауын тіледі. Австралияның Аделаида елді-мекенінде имам Мұхаммед Абдалла бастаған жамағатқа қосылған пастор Патрик МакИнеридің жетекшілік етуімен бірнеше христиан Бонитон саябағында намаз оқыды. WWF Australia ұйымы келтірген мәліметке қарағанда, өрттен 1,25 млрд жануар қырылған, 8,4 млн гектар аумақта орман жанып кеткен. Бұл жайында The Daily Mail ақпарат көзі хабар таратты. 

 

0 пікір
Мұрағат