Христиан келіншегі мұсылмандармен бірге намаз оқыды
Христиан келіншегі мұсылмандармен бірге намаз оқыды
2 жыл бұрын 1113

Американың Флорида штатына қарасты Кендапп елді-мекеніндегі мешіт қасиетті Рамазан айындағы ауызашарға қатысқысы келетін наным-сенімі өзге тұрғындарға да есігін айқара ашты.  Стефани Рестепо есімді христиан келіншегі мұсылмандармен бірге ақшам намазын оқыды. Ол намаз оқудың жөн-жосығын білмесе де қатарындағы мұсылман әйелдерімен бірге сапқа тұрып, имамға ұйыды. Стефани Ростепамен бірге мұсылман емес тағы он шақты адам мешітке бас сұғып, намаз оқығанын айта кетейік.

0 пікір