Хлорпирифоспен өсірілген өнімдерге тыйым салынады
Хлорпирифоспен өсірілген өнімдерге тыйым салынады
5 жыл бұрын 2417 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Данияның қоршаған орта және тағам өнімдері министрлігі көп ұзамай хлорпирифос пайдалынылған өнімдердің саудасына тыйым салатынын мәлімдеді. Аталмыш министрлік жетекшісі Могенс Йенсен мұндай қадамға неліктен барып отырғанын былайшы түсіндірді: Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі жөніндегі еуропалық агенттік Еуропалық одақ құрамындағы елдерге жәндіктер мен зиянкестерден қорғау үшін пайдаланылатын хлорпирифостен бас тартуға үндеп отыр. Өйткені, хлорпирифос пайдаланылған өнімнің адам денсаулығына қауіпті екені анықталып отыр. Бұрын жүргізілген зерттеу нәтижесі көрсетіп бергендей, цитрусты емістердің әрбір үшіншісінде хлорпирифос кездескен. 

0 пікір
Мұрағат