Хира үңгірінің жанынан ауқымды жоба қолға алынады (фото+видео)
Хира үңгірінің жанынан ауқымды жоба қолға алынады (фото+видео)
14 күн бұрын 1380 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қасиетті Мекке шаһарының басшылығы тарихи мәні мен маңызы зор Хира үңгірі орналасқан Нұр тауының етегінен мәдени орталықтың құрылысын жүргізуді жоспарлап отыр. Бұл жайында Saudi Gazette ақпарат көзі мәлім етті. Аталған қала басшысы Мұхаммед әл-Кубайкас бұл бағыттағы жұмысты алдымен тау мен оның маңайын граффитиден, құбырлардан, жазулардан, т.б. тазартудан бастайтындарын жария етті. Болашақ мәдени орталықта қасиетті Мекке қаласы мен Хира үңгірі туралы құжатталған шынайы ақпараттар мен деректер сақталады, жұртшылық назарына ұсынылады. Хира үңгірі исі мұсылман қастер тұтатын, қасиетті сапарға аттанған қажылар соқпай кетпейтін орындардың бірі. Мұхаммед Мұстафа пайғамбар болмай тұрып оңашаланған орын әрі Пайғамбарлық миссиясы жүктелген үңгір. Нұр тауы қасиетті Қағбадан 4 шақырым қашық орналасқан. Таудың биіктігі 640 метрді құрайды. Шыңына жаяу көтерілуге екі сағаттай уақыт кетеді. Хира үңгірі таудың солтүстік-шығысында орналасқан.

Jabl-e-noor visitor center

The Cave of Hira in photos: Islam's starting point to the universe ...

Файл:Jabal Nur.JPG — Википедия

0 пікір
Мұрағат