Хижаз теміржол жобасы жаңғыртылады
Хижаз теміржол жобасы жаңғыртылады
10 жыл бұрын 4325 islam.kz

«Хижаз теміржолы» деп аталатын Ыстамбұл мен Мәдина шаһарларының арасын жалғайтын жоба осымен екінші мәрте жаңғыртылатын болды. Теміржол Сирия мен Иордания аумағы арқылы өтеді. Жүрдек пойызбен он екі сағаттың ішінде Мәдина шаһарына жетесіз. Түріктер аталмыш теміржолды 2023 жылы аяқтауға бел буып отыр.

Жол құрылысына Иордания жағы да құлшыныс танытып отыр. Өйткені, Иордания астанасы Амман қаласында Османлы үкіметі салған теміржол бекеті әлі күнге дейін сақтаулы тұр.

0 пікір
Мұрағат