Хақ жолға түскен Кения президентінің әрекеті жұрттың көңілін босатты (видео)
Хақ жолға түскен Кения президентінің әрекеті жұрттың көңілін босатты (видео)
7 жыл бұрын 3857 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Кения президенті Ухуру Кениата Африка құрлығындағы ең ықпалды тұлғалардың бірі. Ол Бахрейнге сапары кезінде исламды қабылдап, тілін кәлимаға келтірді. Оның исламды қабылдағаны таспаға тартылып, ғаламторға жүктелген екен. Видеодан байқалғандай, оны дәстүрлі араб киімін кигендер кезекпен келіп, қадамына құт тілеп жатты. Тіпті, кейбіреуі шаттықтан көз жасына ие бола алмаған. Айта кетейік, Ухуру Кениата Кенияны 2013 жылдан бері басқарып келеді. Оның әкесі Джомо Кениата революционер әрі тәуелсіздік жолында күрескен "ұлт әкесі". Ал Кения халқының діни құрамына келсек, ел тұрғындарының жартысы протестанттар да төрттен бірі - католиктер. Тек әр оныншы тұрғын ғана мұсылман. Кения президентінің исламды қабылдауына байланысты аталған елде мұсылмандар қарасы айтарлықтай көбеюі мүмкін. Ел басшысына еліктеп, оның қадамын үлгі тұтатындар есебінен. 

0 пікір
Мұрағат