Ханзада Гарри ойламаған жерден мешітке бас сұқты
Ханзада Гарри ойламаған жерден мешітке бас сұқты
9 жыл бұрын 4725 muslim.kz

Британ билігінің төртінші тақ иегері ханзада Гарри Оман астанасы Маскат қаласындағы іссапары барысында ойламаған жерден Орталық мешітке бас сұғып, аралап шығуды жөн санады.

Ханзада Гарри ойламаған жерден мешітке бас сұқты (ФОТО)

Құлшылық ордасына тәртіп бойынша, аяқ киімін шешіп кірген ол мешіт ғимаратының таңғажайып сұлулығына таң-тамаша қалды. 20 000 жан сыятын алып мешіт туралы кейбір ақпараттарды ханзада Гарри өзі сұрап біліп отырды. Соңынан мешіт кітапханасына бас сұққан ол қабырғада ілініп тұрған әкесі Чарльз суретін көріп, алғысын білдірді.

Еш ескертусіз, ойламаған мешітке келген ханзаданың бұл әрекетіжергілікті тұрғындардың мақтаныш сезімін туғызды. Мәз-мейрам болған олар ханзаданы алыстан суретке түсіруге тырысты.

0 пікір
Мұрағат