Халықты тыныштандыруға келген министр орынбасарының өзі байбаламға берілді (видео)
Халықты тыныштандыруға келген министр орынбасарының өзі байбаламға берілді (видео)
4 жыл бұрын 2374 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жалпақ жаһанды жайлаған індетке байланысты әмірші Тамим бин Хамад әл-Танидің денсаулығына қатысты халықты дүрбелең мен байбаламға ермеуге, сабыр сақтауға шақыруға келген Катар денсаулық сақтау министрінің өзі мемлекеттік телеарнадан тікелей эфир кезінде тележүргізушінің түшкіргенінен жаны қалмай, орнынан ұшып тұрды да студиядан алды-арты қарамай безді. Короновирус жұғып кете ме деген үрейдің жетегінде. Осылайша халыққа үлгі көрсетуі тиіс лауазымды тұлғаның бұл әрекетін әлеуметтік желіде күлкіге айналдырып жатыр. 

 

0 пікір
Мұрағат