Халықаралық шариғат шәлісі күніне наным-сенімі өзге әйелдер де қатысты
Халықаралық шариғат шәлісі күніне наным-сенімі өзге әйелдер де қатысты
9 жыл бұрын 3745
«Мен ақыл-ойымды тұмшаламаймын, мен шашымды бүркеймін».

Ақпан айының 1-і күні әлемнің әр түкпірінде аталып өтетін «Халықаралық шариғат шәлісі күніне» орай Үндістанның Уттар-Прадеш қыз-келіншектері осынау бұқаралық мәдени, ағартушылық акцияға атсалысты. Солардың бірі аталмыш штаттың мәдени әрі әкімшілік-саяси орталығы – Лаһнау қаласының тұрғыны үнділік Айюши Шривастава Times of India ақпарат көзіне берген сұхбатында: «Мен Халықаралық шариғат шәлісі күні туралы әлеуметтік желілерден білдім. Бұл шариғат шәлісі мен тұтас ислам жөнінде ақпарат таратудың тамаша тәсілі», - деп өз пікірін білдірсе, ұйымдастыру комитетінің мүшесі Сара Хұсейн: «Егер әйел адам шолақ көйлек кисе, оны осы заманғы өз еркі өзінде, көзі ашық, көкірегі ояу адам санайды, ал бүркеніп жүретін болса, оны жәбір көрген, өмірден артта қалған адам ретінде қабылдайды. Осыған байланысты айтарым, мен ақыл-ойымды тұмшаламаймын, мен шашымды бүркеп жүремін», - деді. Сондай-ақ, Уттар-Прадеште бұл шараға 22 жастағы блоггер мұсылман келіншегі Фарқин Нақы да (суретте – ред.) атсалысты. Ол сән үлгілеріне шолу жасаумен айналысады.

Халықаралық шариғат шәлісі күніне қатысқандардың бірі Анджела Дэвис те (Angela Davis) христиан болғанымен күні бойы басынан орамалын тастамай жүрді. Ол Теннесси штатындағы Ноксвилл елді-мекенінде тұрады. Ол осы әрекеті арқылы мұсылман емес әйелдерге үлгі көрсетіп, мұсылман болғанымен әлі күнге басына жаулық салуға бата алмай жүргендердің ерік-жігерін жану үшін басына орамал тартты. Ал Лондон шаһарының мұсылман емес тұрғыны Элизабет Кроучер (Elizabeth Croucher) акцияға неліктен атсалысқанын өзгелердің мәдениеті мен құндылықтарын түсіну мақсатымен байланыстырып, түсіндірді. Ол бұл акция туралы өткен жылы алғаш рет естіп-білгненін жеткізді. Ол бұл акцияны ислам дінінің қадір-қасиетін таныту бағытында жасалған, осы заманның үддесінен шығатын инновациялық тәсіл ретінде бағалады. Ниеті түзу болғанымен акцияға атсалысуға өзгелердің қас-қабағынан жасқанып, басына орамал тартуға батылы бармағандар да болды. Солардың бірі – Арканзас штатының тұрғыны Сара Томпкинс (Sarah Tompkins), мұсылман болғанымен Париждегі Пайғамбарымыздың (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) карикатурасын мұқабасына шығарған атышулы сатиралық басылым төңірегіндегі оқиғадан кейін қалыптасқан исламға қарсы агрессиялық көңіл-күйден қорқып, акцияға атсалыса алмаған екен.

 

Әкім болып қызмет істейтін христиан әйел де күні бойы шариғат шәлісін жамылып жүрді

Ақпанның бірі күні аталып өткен Халықаралық шариғат шәлісі күнінде Канаданың Альберт провинциясына қарасты Вуд Баффало қаласының әкімі Мелисса Блейк те күні бойы бүркеніп жүрді.

 

Төмендегі сурет Ғаесвоок әлеуметтік желісінен алынды

 

 

 

 

0 пікір
Мұрағат