Халық санының азаюын тоқтату мақсатында әр туған бала үшін 10 мың еуро төленеді
Халық санының азаюын тоқтату мақсатында әр туған бала үшін 10 мың еуро төленеді
1 ай бұрын 372 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Финляндия да өзге еуропалық мемлекеттер секілді халықтың қартаю процесінен табиғи өсімі жылдан жылға кеміп келе жатқан елдердің бірі. Демографиялық ахуалды жақсарту үшін финдердің Лестиярви деп аталатын шағын қаласының билігі бала тууын ынталандыру шарасын қолға алып жатыр – әр туған бала үшін 10 мың еуро 10 жылда төленеді. Аталған елді-мекенде өткен жылы бір-ақ бала дүниеге келген болатын. Бұл жайында BBC ақпарат көзі хабар таратты. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Финляндия халықы шапшаң қартайып келе жатқан елдердің арасындағы алғашқы ондыққа кіретін ел. 

0 пікір
Мұрағат