Халқының жартысын мұсылмандар, қалған жартысын христиандар құрайтын мемлекеттің бөлініп кету қаупі төнді
Халқының жартысын мұсылмандар, қалған жартысын христиандар құрайтын мемлекеттің бөлініп кету қаупі төнді
7 жыл бұрын 4029 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Нигерия президенті Мұхаммеду Бұхари өз мәлімдемесінде атағандай, "жауапсыз элементтердің" елді бөлу турасындағы талабын орындаудан бас тартты. Айта кетейік, соңғы үш ай бойы Ұлыбританияда емделіп келген аталған мемлекет басшысы теледидар арқылы халыққа үндеу жариялады. "Біздің ұлттық "қызыл сызықтан" аттап өтіп, әлеуметтік желіде кей азаматтардың пікір білдіргеніне көңілім қалды. Олар біздің ұлт ретінде өмір сүретінімізге күмән келтірген. Нигерияның тұтастығы талқыланбайды. Біз жауапсыз элементтердің арамызда жік тудыруына жол бермейміз",- деп мәлімдеді ол. Оның айтуынша, әлеуметтік желіде ұлт тұтастығына сына қағатын мұндай пікірлердің кейінгі кезде белең алуына кейбір жекелеген шенеуніктердің саяси қателігі себеп болған. Айта кетейік, жаһандану заманында экономикасы кенже қалған, түрлі тайпалық, діни араздық пен жікшілдік орын алған елдерде мемлекет тұтастығына күмәнмен қарайтын топтардың шығуына билікке таласқан кландар арасындағы былайғы жұрттың назарынан таса таласынан түрткі болып отыр. Біз сөз етіп отырған Нигерия халқының саны 180 млн-ға жуықтайды. Олардың шамамен жартысы мұсылмандар да, қалған жартысы христиандар. Аталған елде 250-ге тарта этникалық топ бар. 1967 жылы Нигерияға бөлініп кету қаупі төнген болатын: елдің оңтүстік-шығысында сепаратистер Биафра мемлекетін жариялаған еді. Сепаратистердің бұл жасанды мемлекеті үш қантөгіспен әрең таратылған болатын. Бұл соғыста бір миллионнан аса адам опат болды. 

0 пікір
Мұрағат