Халал тағамдарға тыйым салынып жатыр
Халал тағамдарға тыйым салынып жатыр
6 жыл бұрын 3124 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытай билігі Синьцзян-Ұйғыр дербес ауданында "халал" белгісі соғылған тағамдар мен өнімдерді тұтынуға тыйым салуда. Басқаны қойып, мұсылманның ақ-адал асына қол сұққан Қытай билігінің асыра сілтеген бұл әрекеті де әлеуметтік желіде наразылық тудырып жатыр. Аталмыш ауданның прокуратурасы Wechat әлеуметтік желісінде шариғат талаптарына сай дайындалған тағам өнімдеріне тыйым салытаныны жөнінде хабарлапты. Үрімші қаласында Синьцзян-Ұйғыр ауданының коммунистік партиясы хатшысының жетекшілігімен "Халал" стандартты өнімдердің таралуымен нақты күрес" тақырыбында науқан қолға алынып жатыр. Қасиетті Құранды өртеп, мұсылмандарға шарап ішкізіп, доңыз етін жегізіп, арпалысқан қытай билігі осылайша шектен шығып отыр. 

1 пікір
  • Мұсылмандардың таза тамағын жеп, сәл болсада табиғи тамақтан дәм татар еді. Тамақ жетпей жатқанда бұлары несі.Өздерінің химиялық тағамдарын жеп отыра берсін.
    6 жыл бұрын
Мұрағат