Халал өнімді 1 минутта анықтайтын құрылғы жасалып жатыр
Халал өнімді 1 минутта анықтайтын құрылғы жасалып жатыр
10 жыл бұрын 2938

Малайзияда шариғат талаптарына жауап беретін қандай да бір компонентті тез анықтауға мүмкіндік беретін құрылғы жасалып жатыр. Селангора (Unisel) университетінің ғалымдары жасап шығаратын құрылғы азықтың, тағамның ғана емес, сонымен қатар, опа-далаптың және дәрі-дәрмектің халал стандартына сай келетінін немесе келмейтінін анықтау үшін қолданылатын болады. «Нано-сенсорлық технологияның көмегімен мұсылмандарға тыйым салынған заттың құрамын, тіпті, 0,001 пайыздан аспаса да, анықтауға болады», - деп айтылған хабарламада. Тұтынушы өзі таңдаған өнімнің титтей бөлшегін құрылғыға салып, шайқаса жетіп жатыр. Содан соң электронды сенсордан тексеруден өтеді. Егер құрамында халал емес ингредиент болса, флуоресценттік сәуле пайда болады. Аталмыш құрылғы келесі жылдың желтоқсан айында нарыққа шығарылады. Бұл жаңалық Селангор штатының үкіметі бөлген грантының (шамамен 400 мың доллар) арқасында ашылып, қолданысқа енеді.

0 пікір
Мұрағат