Халал жеңіл тамақ мега-брендке айналды
Халал жеңіл тамақ мега-брендке айналды
7 жыл бұрын 3392 muftyat.kz

Аустралияда қуырылған халал ет пен картоп-фриі бар пластик қораптар пайда болған.

Жылдам тамақтану және халал жеңіл тамақты жеткізу желісі  Halal Snack Pack өз клиенттеріне қуырылған еттен, сарымсақ, барбекю әрі чили бұрышынан жасалған тұздықтармен ірімшігі бар көп қатпарлы жеңіл тамақты ұсынады. Мекеменің «Халал» сертификаты бар.

Әлеуметтік желілерде, әсіресе, Facebook-та Halal Snack Pack-тің көптеген жазылушылары бар. Бұл топ мұсылмандарға да, сондай-ақ, мұсылман еместерге де қызмет көрсетеді.

Халал фастфуд Сиднейдегі ең тапсырысы мол жылдам тамаққа айналды. Жаңа рецепт офиста қызмет істейтіндер мен мегаполистің қарапайым тұрғындарының да көңілдерінен шығып отыр. Снэктивизм өзінше бір "вирусқа" айналды, енді әрбір аустралиялық осынау аспаздық туындының дәмін татып көргісі келеді.

Айта кету керек, бұл брендтің бастамашылары — өздерінің идеяларынан осындай орасан зор сәттілікті күтпеген қарапайым  студенттер.

0 пікір
Мұрағат