Хадис бұрмалаушылармен күрес орталығы ашылады
Хадис бұрмалаушылармен күрес орталығы ашылады
7 жыл бұрын 3517 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Сауд Арабиясында көп ұзамай экстремизмге қарсы өзгеше орталық ашылатын болады. Аталмыш орталықтың сарапшылары хадистерді жинаумен, зерделеумен және жіктеумен шұғылданады. Біз сөз етіп отырған орталық қасиетті Мәдина қаласында Саудия королі Салман бен Әбдіәзіз әл Саудтың жарлығымен ашылады. "Орталықтың қызметі шариғатты өздерінің саяси және әскери мақсат-мүддесіне қарай бұрмалап қолданатын экстремистік қозғалыстар тарапынан қасиетті хадистердегі ұғымдардың қате түсіндірмелерінің пайда болмауына жол бермеуге құрылады",- деп хабарлады  саудиялық Al-Mowaten ақпарат көзі осы елдің мәдениет және ақпарат министрі Абада бен Салық әл Абадаға сілтеме жасай отырып.

0 пікір
Мұрағат