Google компаниясы «Менің Рамазандағы серігім» қосымшасын іске қосты
Google компаниясы «Менің Рамазандағы серігім» қосымшасын іске қосты
9 жыл бұрын 3334

Қасиетті Рамазан айының келуіне орай Google компаниясы «Менің Рамазандағы серігім» қосымшасын іске қосты. 

Жоба жетекшілерінің айтуынша, бағдарлама оразаға орай өзекті де қажетті ақпараттарды, кеңестер мен мәліметтерді береді. Бұл туралы Солтүстік Африка мен Таяу Шығыс елдеріндегі Google компаниясының маркетинг жөніндегі менеджері Зейн Камал Масри хабарлады.

Қолданушылар осы қосымша арқылы жергілікті күннің шығу-бату уақыттарын біліп, осыған сәйкес өз жұмыстарын жоспарлай алады, жолдағы жағдайлар туралы ақпараттар алып, жақын маңда ауызашар жасалатын дәмхана, халал ас-тағамдары сатылатын дүкендер туралы мәліметтер алып, оны өзге достарымен бөлісе де алады. Сондай-ақ Рамазан айы туралы YouTube желісіндегі арнайы контенттер де бар.

Бұдан бөлек, аталмыш қосымша өзге де пайдалы сілтемелерге, мәселен, Рамазан айына байланысты құттықтау хаты дизайнын дайындау үлгісі, сәресі қоңырауы, халал мейрамханалар іздеу секілді ақпараты бар сайттарға жол көрсетіп отырады. 

0 пікір
Мұрағат