Google жетекшісі ғаламтордың алдағы күндері болмайтынын айтты
Google жетекшісі ғаламтордың алдағы күндері болмайтынын айтты
9 жыл бұрын 2993

Google компаниясының басшысы Эрик Шмидт Швейцарияның Давос қаласында өткен бүкіл әлемдік экономикалық форумда сөйлеген сөзінде алдағы жақын уақытта ғаламтордың осы бүгінгі күні пайдаланып жүрген түрінің қолданыстан шығатынын мәлімдеді. Бұл жайында Hollywoodreporter ақпарат көзі хабар таратты. «Мен түсінікті тілмен жауап берейін. Ғаламтор жоғалады. IP-адрестер көп болатыны сондай... сіз тағып жүретін құрылғылар, датчиктер, бұйымдар көп болатыны сондай, мұны сіз сезбей де қаласыз»,- деді ол. Сондай-ақ, ол техника мен технологияның қарыштап дамығанына да, аса қуатты техникалық платформдардың пайда болғанына да, олардың басымдық танытып отырғанына да жұрттың назарын аударды. Әсіресе, смартфондардың көптеген қосымшалары пайда болғанын тілге тиек етті, күн сайын дерлік осы нарықтағы бәскелестіктің артып келе жатқанына тоқталды. Десе де, ол алдағы уақытта мобилді қосымшалардың инфрақұрылымының қандай болатынын елестете алмайтынын жеткізді.

 

2 пікір
Мұрағат