Google-дың үстінен тағы бір шағым түсті
Google-дың үстінен тағы бір шағым түсті
10 жыл бұрын 3391

2012 жылы исі мұсылманның ар-намысына тиген, күллі әлемді шулатқан, Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) жала жабылған «Мұсылман пәктігі» филімінде ойнаған тағы бір актер Гайлорд Флинн  Google-дың үстінен сотқа шағым түсірді. Гайлорд Флиннен бұрын осы фильмсымақта ойнаған актерлердің бірі 2012 жылы Google-нің үстінен сотқа шағымданған. Алты айдан кейін оның шағымы негізінде соттың аталмыш фильмді YouTube-тан алып тастау турасында үкім шағырғаны белгілі. Осы жолы шағымданған актер өзіне белгісіз біреулердің сес көрсетіп келгенін, сол себепті, басының амандығын ойлап, осындай қадамға барғанын тілге тиек етті. Ол Google-дың әлі күнге дейін аталмыш фильмді алып тастамағанына қынжылыс білдірді әрі осы фильмсымақты түсірген режиссер Накулу Бейсла Накулудың үстінен де сотқа шағым түсірді. Google компаниясының өкілдері бұған қатысты әлі түсініктеме берген жоқ.

0 пікір
Мұрағат