Google ақпараттық майданда араб тілділерді жалдайды
Google ақпараттық майданда араб тілділерді жалдайды
2 жыл бұрын 975

Google корпорациясы ақпараттық майданда ИСИМ-ге есе жібермеу үшін, яғни, олардың теріс әрі зиянды насихатына жол бермеу үшін күллі әлемнің модераторларын жұмысқа алатын болды. Бұл жайында The Daily Mail ақпарат көзі хабар таратты. Аталмыш компания өкілдерінің айтуынша, Google-дың әр сағат белдеуінде осы мәселемен шұғылданатын араб тілді қызметкерлер жұмыс істейтін болады. Мәселен, иорданиялық ұшқыштың ИСИМ содырларының қолынан қаза тапқанын бейнелейтін видеожазбаның YouTube-тен бірнеше сағат бойы алынбаған болатын. Терроризмге қарсы Quilliam зерттеу орталығының сарапшысы Джонатан Расселл мәлімдегендей, ИСИМ лаңкестік тобы «жиһадшылар» арасында өзін «мультұлттық корпорация» секілді ұстап, «брендингтік ұрыста» ұтып келе жатыр. Сол себепті, ол Google-дың бұл бастамасын құптап, экстермистік контентке қарсы жоғары технологиялы компанияның күрес ашқанына ризашылығын білдірді.

0 пікір