Гонконгта жаңа туылған сәбидің ішінде егіз баланың бары анықталды
Гонконгта жаңа туылған сәбидің ішінде егіз баланың бары анықталды
2 жыл бұрын 2267

Гонконгта жаңа туылған қыздың ішінде екі баланың бар екені анықталды.  Екеуі де өзінің бауырлары болып шыққан. Бұл жайында nur.kz сайты baq.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты.

Ұрықтың екінші ұрықтың ішіне кіріп кетуі өте сирек кездесетін құбылыс. Мұндай жағдай медицина тарихында небәрі 200 рет қана кездескен.

Ал Гонконгтегі жағдайдың нақты себебін анықтауға келгенде ғалымдардың ойы екіге жарылды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері мұны тератома (ісіктің түрі) деп атаса, гонконг дәрігерлері сәбидің жатырындағы ұрықтардың ешқандай ісік емес, әу баста егіз ұлдар болғанын айтты.

Мұнан кейін нәрестеге ота жасалып, бауыр мен бүйректің арасынан дәрігерлер расымен де адам эмбрионын алып шықты.

Олардың бірі - 9,3 грамм, екіншісі 14,2 грамм тартады. Екеуінің де кіндігі қыздың ішіне жалғанған. Дәрігерлердің айтуынша, әу баста бұлар үшем болған.

Алайда белгісіз себептермен қыз ерте дамып, екі бауырын жұтып қойған.

1 пікір