Германияда нақты қанша мұсылман тұратынын немістердің өзі білмейді
Германияда нақты қанша мұсылман тұратынын немістердің өзі білмейді
5 жыл бұрын 3247 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қазіргі уақытта Германия аумағында мұсылмандар санын анықтау мүмкін болмай тұр. Халық санағы да, статистикалық мәлімет те көмектесе алмай тұр. Бұл жайында немістердің Zeit-Online мерзімді басылымы хабар таратты. Аталмыш ақпарат көзінің  түрлі дерек көздеріне сілтеме жасай отырып келтірген дерегіне қарағанда, Германия федералды республикасының канцлері Ангела Меркел бұрын мәлімдегендей, ел аумағындағы мұсылмандар қарасы 4 млн-нан 4,5 млн адамға дейін жетеді. Бұл ел тұрғындарының шамамен 5,5%-ын құрайды. Ал билікке оппозиция "Германия үшін балама" деп аталатын партия өз кезегінде Германияда бүгінгі таңда 5 млн мұсылман өмір сүріп жатқанын алға тартып отыр. Бұдан бөлек, Tichys Einblick консервативтік мерзімді басылым мүлдем басқа мәлімет келтіруде: 6-8 млн мұсылман. Ipsos институты 2014 жылы жүргізген сауалнама нәтижесі көрсеткендей, Германияда 16 млн мұсылман бар. Бұл Германия халқының 19%-ын құрайды. 

0 пікір
Мұрағат