Германияда мешіттерге шабуыл жасау жиілеп барады
Германияда мешіттерге шабуыл жасау жиілеп барады
8 жыл бұрын 2533 khabar.kz Фото.muslim-info.com

Германияның батысында мешіттерге жасалатын шабуылдар саны күрт артты. Бұл - жергілікті құқық қорғаушылардың мәліметі.  Олар келтірген дерекке сүйенсек, 2016 жылдың екінші жартысында осындай 14 оқиға тіркелген.  Олардың екеуі қоғамда қызу талқыға түсті. Еске сала кетейік, ақпан айында елдің батысындағы Лейпциг қаласында қаскөйлер мешіт салынып жатқан құрылыс алаңына өлген доңыз тастап кеткен еді.  Одан кейін Нойнкирхен қаласында бұзақылар мешіт ауласына жанғыш сұйықтық құйылған ыдыстар лақтырған. Елдің федералды полициясының деректері мұсылмандарға қарсы қылмыстардың жыл сайын артып келе жатқанын көрсетеді. Мұнда 2014 жылы осындай 64 қылмыс, ал 2015 жылы 75 оқиға тіркелген. 

0 пікір
Мұрағат