Германияда медицина қызметкері 30 адамның өліміне себепші болғанын мойындады
Германияда медицина қызметкері 30 адамның өліміне себепші болғанын мойындады
2 жыл бұрын 856

Германияның Дельменхорст қаласындағы ауруханада жұмыс жасаған медицина қызметкері өзінің 30 адамның өліміне қатысы бар екендігін мойындады. Бұл жайында нұр.кз сайты «Қазақпаратқа» сілтеме жасап, хабар таратты.

38 жастағы ер адам психиатр-дәрігерге емделушілерге жүрек препаратының дозасын асырып қолданғанын айтты. Сотталушының есімі жарияланбады. Тек ол қылмысты 2003-2005 жылдар аралығында жасағаны ғана белгілі.

Тергеу барысында анықталғандай, ер адам пациенттерге алдымен ине салып, кейін оны өмірге қайта алып келуге тырысқан. Ол осы әрекеті арқылы өзінің медициналық қабілетін жетілдірмек болған.

Ер адам 2008 жылы адам өліміне қатысы болғаны үшін 7 жарым жылға бас бостандығынан айырылды, деп жазады шетелдік БАҚ.

0 пікір