Газа тұрғындарына көмек көрсету акциясы жалғасуда
Газа тұрғындарына көмек көрсету акциясы жалғасуда
10 жыл бұрын 2702

Ресей Федерациясындағы «Солидарность» қайырымдылық қоры Израиль басқыншылығына байланысты үй-жайынан айырылған палестиналық отбасыларға үй жалдап тұруына қажетті қаржыны жинап беруге үндейтін «Оларға баспана керек» атты жылу жинау акциясын жалғастыруда. Әзірге жиналған қаржымен картон қаптарында тұрып келген 12 көп балалы отбасылар баспанамен қамтамасыз етілді. «Солидарность» қайырымдылық қоры аталған отбасыларды бір жылға дейін үй жалдауына жетерлік қаржы (шамамен 34,5 мың доллар) жинап беруді көздеп отыр.

 

0 пікір
Мұрағат