Газа секторын қалпына келтіруге қажет қаржы мөлшері анықталды
Газа секторын қалпына келтіруге қажет қаржы мөлшері анықталды
2 жыл бұрын 756

Палестина билігі әлем қауымдастығына үндеу тастады. Яғни, Газа секторының инфрақұрылымын қалпына келтіру үшін 7,8 млрд доллар мөлшерінде көмек қажет. Бұл жайында Ynet ақпарат көзі хабар таратты. Палестина мемлекетінің экономика министрі Мұхаммед Штайехтің айтуынша, «Мызғымайтын жартас» әскери жорықтан кейін ең алдымен анклавта тұрғын үйлер мен электрстанцияларын қалпына келтіру керек. Осы аралықта палестиналықтар Иордан өзенінің батыс жағалауында израилдік келімсектердің 400 гектар жерге үй салуына қарсы наразылық акциясын өткізді. Акция кезінде шеруге шыққандар мен Израиль полициясы арасында қақтығыс орын алды. Израилдік полиция қызметкерлері көзден жас ағызатын газ бен дубинка қолданды. Нәтижесінде бірнеше адам жарақат алды.

0 пікір