Газа секторы тұрғындарының 70%-ы кедейшілік қамытын киген
Газа секторы тұрғындарының 70%-ы кедейшілік қамытын киген
2 жыл бұрын 793

«Блокадаға қарсы халық комитетінің» мәліметтеріне қарағанда, Израиль билігінің Газа секторын әлемнен заңсыз оқшаулап ұстауына байланысты бұл аймақтағы тұрғындардың 70 пайызы кедейшілік қамытын киген. Аталмыш комитеттің баяндамасында келтірілген дерек бойынша 1000 000-нан аса палестиналық шетелдіктердің көмегіне аса мұқтаж. Араб елдері және түрлі ислами гуманитарлық ұйымдар олардың қажеттілігін қанағаттандыра алмай отыр. Газа секторының бір тұрғынының орташа күндік табысы бар-жоғы екі долларды құрайды. Бұл көрсеткіш Израиль тұрғынының күндік орташа табысынан 40 есе төмен. Сондай-ақ, суды тұщыландыратын құрылғының тапшылығынан Газа секторы тұрғындары ауыз суға жарымай отыр. Мұнда судың 95 пайызы ішуге жарамсыз.

0 пікір