Ғарышқа әскер аттандырады
Ғарышқа әскер аттандырады
6 жыл бұрын 3878 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ президенті Дональд Трамптың таяуда Калифорнияда сөйлеген сөзінде ғарыш әскерін құру туралы маңызды мәлімдеме жасады. "Менің ғарышқа қатысты ұлттық стратегиямда ғарыш кеңістігінде әскери іс-қимылдардың болатынын жоққа шығармайды. Жердегі, әуедегі және теңіздегі секілді. Біздің ғарыштық күшіміз болуы мүмкін... Біздің әуе күштеріміз бар, құрлық және флот әскеріміз бар",- деді ол мәлімдемесінде. 

Айта кету керек, қарулы күштер құрамында ғарыш бөлімшесін ашу туралы бұрын да мәселе көтерілген болатын. Алайда, Пентагон басшыларының дені бұл бастамаға оң қабақ таныта қоймаған еді. Өйткені, бұл орасан зор шығында талап етеді әрі әскер құрылымын бастан-аяқ қайта құруға тура келер еді. 

АҚШ билігі шығыны көп мұндай қадамға неге құлшынып отыр? Айға қол созып қана қоймай, Марсқа әуе кемелерін бірінен кейін бірі аттандырып жатқан АҚШ соңғы уақытта ғарыш кеңістігін игеруде белсенділік танытып отыр. Бұған қоса, ғарышқа қатысты бизнес жобаларымен күллі әлемге мәшһүр болған Илон Маск, Джефф Безос секілді тұлғалар да көптеп шығуда. Ғарыш туризмінің өзі неге тұрады?! Сол себепті, АҚШ билігі бұл салада қаржыдан тартынып қалмақ емес. Мұның бәрі, яғни, ғарыштық әскер жасақтау өзге ғарыш державаларының ғарыштағы ықтимал залалынан қорғану мақсатында қолға алынып отыр.

Сөз орайы келгенде айта кету керек, бұрын НАСА ғарышты игерумен тікелей өзі айналысса, ендігі жерде Илон Маск, Джефф Безос секілді тапсырыс берушілерге қаржы бөліп қана отырады. АҚШ мүддесін ғарышта жүзеге асыруы үшін.

0 пікір
Мұрағат