Гамбия президенті елдегі “қызтекелердің” көзін жоятынын мәлімдеді
Гамбия президенті елдегі “қызтекелердің” көзін жоятынын мәлімдеді
9 жыл бұрын 3517

Гамбия президенті Яйя Джамме елдегі барлық “қызтекелерді” бауыздап өлтіретінін мәлімдеді. Бұл жайында bag.kz және nur.kz порталдары The Independent ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты.

“Мен Гамбияда мұндай әрекетке барғандарды түгелдей өлтіремін. Егер біздің елде ер адам ер адамға үйленетін болса, оларды екінші рет ешкім көрмейтін болады, көзін жоямыз” деді мемлекет басшысы халықпен кездесу барысында.

Айта кетейік, өткен жылдың қараша айында Джамме гомосексуализмге тыйым салатын заңға қол қойған болатын. Заңды бұзғандар өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Темір торға гейлер мен лесбилер, ВИЧ және СПИД ауруларын жұқтырған азаматтар, бұрынырақ гомосексуализм үшін жазаланған адамдар тоғытылады. Ал, бұл заңға дейін аталған біржынысты некені қолдаушылар 14 жылға дейін бас бостандығынан айырылатын.

2008 жылы ел президенті Гамбиядағы гейлер мен лесбилердің барлығына елден көшіп кетуге кеңес берген болатын. Ал бұл кеңеске құлақ түрмей, Гамбияда қалғандарды ол өлтіретінін ескертті.

 

Қызтекелер мен еркекшораларға арналған бағдаршам орнатылды (видео)

Аустрия астанасында гейлерге арналған бағдаршамдар орнатыла бастады. Бұл шара үстіміздегі жылдың мамыр айында Вена қаласында өтетін «Евровидение – 2015» халықаралықән байқауы қарсаңында қолға алынып отыр. Бұл жайында lite.bnews.kz ақпарат көзі хабар таратты.
Аталмыш қала әкімдігінің өкілдері осы науқан арқылы Вена «соқыр сенімнен азат шаһар»» екенін көрсетуді көздейтіндерін мәлім етті. Сондай-ақ, шенеуніктердің пікірінше, аталмыш шара жол үстіндегі қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Себебі, олар алабөтен бағдаршамның жүргізуші назарын бірден өзіне аударатынына сенімді.

0 пікір
Мұрағат