Ғалымдар сусамыр дертін анықтайтын микрочип ойлап тапты
Ғалымдар сусамыр дертін анықтайтын микрочип ойлап тапты
2 жыл бұрын 822

Стэндфорд университетінің ғалымдары дәрігер Брайан Фельдманның жетекшілік етуімен сусамыр дертін анықтауға көмектесетін микрочип ойлап тапты. Бұл құрылғы арқылы ауруды анықтау үшін тек бір тамшы қанның өзі жетіп жатыр. Ендігі жерде әдеттегі көптеген анализ тапсырудың қажеті болмай қалады. Чип негізінен шынылы пластиннен тұрады. Оған алтын жалатылған. Соның әсерімен  флуоресценттік элементтердің белсенділігі артады. Қазіргі уақытта ғалымдар микрочипке патент алуға өтініш беріп қойды. Ал жобаны коммерциялық айналымға шығаруға әзірлеп жатыр.

0 пікір