Ғалымдар климаттың өзгеруін тоқтатын тәсілді тапты
Ғалымдар климаттың өзгеруін тоқтатын тәсілді тапты
5 жыл бұрын 3775 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ол үшін адамзат жатпай-тұрмай еңбек етіп, тер төгуі тиіс. Швейцарлық ғалымдар жаһандық жылынудан туындаған климаттық өзгерісті тоқтататын тәсілді тапты. Ол үшін бар-жоғы кем дегенде 1 трлн ағаш отырғызылуы керек. Жердің барлық түкпірінде. Бұл жайында Associated Press ақпарат агенттігі хабар таратты. Бұл тәсілдің ең басты артықшылығы - арзанға түсетіндігінде. Швейцария экологы, федералды технологиялық институт ғалымы Томас Кроутер осындай ұсыныс білдіріп отыр. Бұл арада адамдардың саналы әрекеті мен жауапкершілігі және жалқаулыққа қарсы ерік-жігері ғана керек. Апаттың алдын алу үшін. Ғалымдардың есебінше, 1 трлн ағаш шамаман 750 млрд көмірқышқыл газын сіңіріп алады. Бұл өз кезегінде ширек ғасыр, яғни, 25 жыл бұрынғы ауаның көмірқышқыл ластану деңгейіне түсіреді. Google Earth картасының негізінде талдау есебін жүргізген ғалымдар жер бетінде 1 трлн ағаш отырғызуға шамамен 10 млн шаршы шақырым жер ғана қажет болатынын алға тартып отыр. Яғни, АҚШ аумағындай жерге ағаш отырғызылуы тиіс. 

0 пікір
Мұрағат