Ғалымдар Facebook-тың адамды күйзеліске түсіретінін анықтады
Ғалымдар Facebook-тың адамды күйзеліске түсіретінін анықтады
9 жыл бұрын 2661

Facebook парақшасын пайдалану бірқатар жағдайларда күйзеліске ұшыратуы мүмкін. АҚШ-тың Миссури штаты университетінің ғалымдары осындай тұжырымға келді.

Маргарет Даффидің тікелей жетекшілік етуімен ғалымдар зерттеу кезінде аталмыш әлеуметтік желісін пайдаланушыларды екі топқа бөлген. Алғашқысы желіні достарымен, туыстарымен байланысқа шығу үшін ғана пайдаланады. Екінші топтағылардың достары мен таныстарын бақылау үшін кіретінін анықтаған.

Facebook арқылы өзгелердің қаржылық, мансап, отбасылық жағдайларын өздерінің өмірлерімен салыстыру үшін де кіретіндер бар болып шықты. Күйзеліске түсетіні де осы топтан екені белгілі болды.

Зерттеушілер күйзеліске таныстарының табыстары (шетелдегі демалыс, жаңа үй, жаңа көлік, той, жаңа достар) туралы хабарлама әкелгенін анықтады.

Ғалымдардың пікірінше, салыстыру арқылы адамда қызғаныш сезімі пайда болып, өміріне деген қызығушылығы төмендеп, күйзеліске душар болуы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат