Ғалымдар: "Эболаға қарсы иммунитеті бар адамдар індетті тоқтата алады"
Ғалымдар: "Эболаға қарсы иммунитеті бар адамдар індетті тоқтата алады"
10 жыл бұрын 2890

Бұл жайында E-islam.kz ақпарат көзі «Тенгриньюс» агенттігіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. АҚШ ғалымдарының мәліметтерін алға тартсақ, науқастармен жақын қарым-қатынаста болған адамдардың 71 пайызы арнайы жасалған тест қорытындысында вирус жұқтырғандары анықталғанына қарамастан, қазір дін аман.

Техас және Флорида ғалымдарының зерттеулеріне сенсек, Батыс Африка тұрғындарының басым бөлігінің бойында вирусқа қарсы иммунитет бар көрінеді. "Егер бұл иммунитеттің қандай және қалай пайда болатындығын анықтасақ, онда ол Эбола безгегінің одан ары таралуын тоқтатудың ең күшті құралы болмақ", - дейді ғалымдар.

Табиғи иммунитеті бар адамдар, тіпті, емдеу шаралары кезінде аса қажет донор бола алады екен, яғни, қан тапсыра алады. Зерттеушілердің бірі: "Аакцинаны күтіп, уақыт өткізудің де керегі жоқ болып қалатын шығар" дейді. "Оларға бойында эболаға қарсы тұра алатын иммунитеті бар адамдарды пайдалануға тура келіп тұр" деп мәлімдеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне жүгінсек, Эбола вирусынан бүгінге дейін 4493 адам өліп, 8997 адам індетті жұқтырған. Вирус Америка мен Батыс Еуропаға жетті.

0 пікір
Мұрағат