Ғалымдар: Адамның өмірін 500 жылға ұзартуға болады
Ғалымдар: Адамның өмірін 500 жылға ұзартуға болады
9 жыл бұрын 3979

Адамның өмір жасын 500 жылға ұзарту мүмкіндігі бар. Google – Google Ventures корпорациясының өкілі Билл Мэристің осындай мәлімдеме жасағанын хабарлады Bnews.kz.

"Медицинадағы жаңашылдықтар мен биомеханиканың дамуы адам өмірін 500 жылға дейін ұзартуға мүмкіндік береді деп ойлаймын", - деген пікірімен бөлісті Мэрис Bloomberg агенттігіне берген сұхбатында.

Ол, сондай-ақ, қазір Google-дың генетика және аурулар, оның ішінде қатерлі ісік диагностикасы саласында зерттеулермен айналысатын компания-стартаптарды инвестициялауды қолға алғанын мәлім етті.

"Қолымызда өмірді зерттеу саласында ең күрделі жоспарларды жүзеге асыруға сеп болатын құралдар бар", - деп атап өтті ол.

Билл Мэрис АҚШ-тың Дьюк университетінде нейробиологияны зерттеумен айналысқан. Соңғы жылдары ол адам өмірін ұлғайтуға негізделген жобаларға көбірек ден қоюда. Google-дың пайымынша, қазіргі заман адамы салауатты өмір салтын ұстана отырып, 120 жыл жасай алады.

Алайда жаңа буын машиналардың көмегі арқылы адамның жасын шексіз мерзімге дейін ұзартуға мүмкіндік бар.

0 пікір
Мұрағат