Ғалымдар адам ағзасынан вичті шығарудың жолын тапты
Ғалымдар адам ағзасынан вичті шығарудың жолын тапты
10 жыл бұрын 3504

АҚШ-тың Пенсильвания штатына қарасты Филадельфия қаласындағы Темпль медицина мектебінің ғалымдары  адам жасушасын аса қауіпті ВИЧ-1 вирусынан тазартудың жолын тапқандарын мәлімдеді. Ғалымдар, сонымен қатар, адам ағзасын жасырын инфекциялардан да емдеу жолдарын қарастырып жатыр. Proceedings of the National Academy of Sciences журналында жарияланған мақалада ВИЧ-1 вирусын шығаруға арналған молекулярлық құралдың сипаттамасы берілген. Адам ағзасына енген вичтен құтылу осы уақытқа дейін мүмкін болмай келген еді әрі ұдайы емделуді қажет ететін. Әлемде 33 млн-нан аса адам ВИЧ инфекциясын жұқтырған.

0 пікір
Мұрағат