Ғалымдар: 2030 жылға қарай Арктикадағы мұз толық еріп бітеді
Ғалымдар: 2030 жылға қарай Арктикадағы мұз толық еріп бітеді
2 жыл бұрын 1346

«Климаттың өзгеруіне байланысты арктикалық теңіздер мен аумақтардың ахуалы» атты бүкіл ресейлік конференцияда сөз сөйлеген Антрактида және Арктика ғылыми-зерттеу инсститутының өкілі Генрих Алексеев 2030 жылға қарай осынау ақ құрлықтағы мұздың толық еріп бітетінін мәлімдеді. Ғалымның сөзіне қарағанда, 1990 жылдан бастау алған жаһандық жылынуға байланысты адамзатқа осындай апат төніп тұр. Мұз ерісе, әлемдік мұхит деңгейі көтеріліп, теңіз жағасындағы мемлекеттер су астында қалады әрі тұщы су қоры таусылады. Мұздың еруі өткен жылы қатты байқалды. Арктикалық мұз құрсауының аумағы 2 есеге дейін кеміген болатын, яғни, 3,37 млн шаршы метр аумақты алатын мұз еріп кеткен болатын. Десе де, қазіргі уақытта Арктикада ауа температурасы төмендеп келетіндіктен ондағы мұздың еруі баяулауы мүмкін.

0 пікір