Ғаламдық жоба тығырыққа тірелді
Ғаламдық жоба тығырыққа тірелді
5 жыл бұрын 2947 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Естеріңізде болса, "Бір белдеу - бір жол" жобасы туралы кеңінен әрі жан-жақты талдау әрі сараптамалық мақалаларымыздың бірінде Қытай тарапы бастамашы болған әрі тарихи Жібек жолының осы заманғы жаңғыртылған нұсқасы - Бір белдеу - бір жол" ғаламдық жобасының жүзеге асуына күмән келтірген болатынбыз. Себеп біреу - аталмыш жобаға қатысушы елдердің әлеуеті мен қаржылық ресурсының жетіспеушілігі. CNBC ақпарат көзінің сиясы кебе қоймаған хабары мен келтірген дерегіне қарағанда, әлемнің кей елдері аталмыш жобадан уақытша немесе мүлдем бас тартып жатыр. Ең алдымен Қытай мүддесі көзделген жоба мол ресурсты қажет етеді. Осыған байланысты "Бір белдеу - бір жол" аясында жүзеге асырылуы тиіс жобалардың тым қымбатқа түсетіні әрі мемлекеттік қарыздың өсу қаупіне байланысты ғаламдық бастамадан бас тартып жатыр. Өткен аптада белгілі болғандай, Пәкістан билігі өткен жылдың желтоқсан айында Қытай билігіне жалпы құны 2 млрд долларға бағаланған көмір энергетикасына қатысты біріккен жобаны тоқтата тұру туралы ұсыныс білдірген. Өйткені, Пәкістанның теміржол министрі Рашид Ахметтің қазан айында теміржол жобасына қатысты қытай несиесін 8,2 млрд долларлан 6,2 млрд долларға дейін кемітетінін мәлімдеген болатын. Жалғыз Пәкістан емсе, сонымен қатар, Мьянма билігі де осы елдегі азшылықты құрайтын рохиньялық мұсылмандармен арадағы жанжал шарпыған Ракхайн штатында Қытай тарапы қолдау білдірген терең су асты айлақ құрылысының құнын 7,3 млрд доллардан 1,3 млрд долларға дейін төмендеткен болатын. Себебі, оның шығыны елде қарызға белшесінен батырып кетеді. Бұдан бөлек, Африка құрлығындағы ең кедей елдердің бірінен саналатын Сьерра-Леонда өткен жылы қытай компаниясы салуы тиіс, 318 млн долларға бағаланған әуежай құрылысын жүргізуден бас тартты. Малайзия Қытай қолдау білдірген, 22 млрд долларды қажет ететін жобадан бас тартты. Малайзия премьер-министрі Махатхир Мұхаммед өткен жылдың тамыз айында жасаған мәлімдемесінде Қытай қаржыландыратын East Coast Rail Link (ECRL) теміржол жобасы мен Сахабадағы газ құбыры құрылысы тоқтатылатынын жеткізді. Өткен жылы Бангладеш билігі де China Harbour Engineering компаниясы төсеуі тиіс автомагистралді кеңейту жұмыстарынан бас тартты. 

0 пікір
Мұрағат