Гаитидегі карнавал кезінде 18 адамды тоқ ұрып мерт қылды
Гаитидегі карнавал кезінде 18 адамды тоқ ұрып мерт қылды
9 жыл бұрын 3079

Baq.kz порталының Ассошиэйтед Пресс ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, таратқан хабарына қарағанда Гаити астанасы Порт-о-Пренс қаласында өтіп жатқан карнавалдық шеру кезінде 18 адамды тоқ ұрып, қайтыс болды. Куәгерлердің айтуынша, жоғары кернеулі электр сымы үзіліп, карнавалдық платформаға түскен. Сол сәтте платформада болған адамдардың көпшілігін тоқ ұрған. Зардап шеккендердің бірі оқиға алдында жоғарыдан салбыраған электр сымын ұзын темірмен көтермек болған екен. Сол сәтте сым үзіліп, артынша қайғылы оқиға орын алды.

0 пікір
Мұрағат