Гаага сотының мұсылмандарға қатысты үкімі қандай?
Гаага сотының мұсылмандарға қатысты үкімі қандай?
10 жыл бұрын 3907

Мемлекеттер арасында төрелік айтып, саяси салмағы ауыр әрі аса даулы халықаралық істерді қарайтын, әділдігімен әлемде беделі аса жоғары Гаага соты өткен ғасырдың 90-шы жылдары Югославияда орын алған қақтығыс кезінде Сребреницада опат болған 8000 мұсылманның 300-інің өліміне Голландия билігін кінәлі деп тапты. Гаага соты бұл істі қаза тапқан мұсылмандардың туыстарының шағымы бойынша қарады. Голландияның бітімгершілік күштері Югославиядағы қақтығыс кезінде Сребренницк аумағынан тыс, босниялық серб сарбаздары басып алған демилитарланған (қару жасауға, әскер жасақтауға, ұстауға, соғыс өндірісін дамытуға тыйым салынған) аймақта болғаны үшін кінәлі деп табылғанын хабарлағымыз келеді. Халықаралық трибуналдың үкіміне сәйкес 1995 жылы Ратко Младич басқарған серб әскері 10 жастан 65 жасқа дейінгі мұсылман ерлерді жаппай атып тастаған болатын. Бұл қанды оқиғаға геноцид деген баға берілді.

0 пікір
Мұрағат