Фуа-граға заңмен тыйым салынады
Фуа-граға заңмен тыйым салынады
4 жыл бұрын 3905 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Нью-Йорк мегаполисіндегі қоғамдық тамақтандыру орындарында фуа-граны клиенттерге ұсынуға тыйым салу қарастырылған заң жобасын қалалық кеңес мақұлдады. Бұл жайында The New York Times ақпарат көзі хабар таратты. Аталмыш заң жобасы қабылданғаннан кейін үш жылдан соң қолданысқа енеді. Аталмыш заң талаптарын бұзғандарға 2000 доллар мөлшерінде айыппұл салынады. Десе де бір жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген болатын. Бастапқы нұсқасында. Сөз орайы келгенде айта кету керек, фуа-гра Нью-Йорктің мыңға тарта мейрамханасының ас мәзірінде кездеседі. Бұл мақсатта қаз бен үйрек Салливан округындегі Hudson Valley Foie Gras және La Belle Farm шаруашылықтарында өсіріледі. Нью-Йорк билігі Калифорния штатынан кейін фуа-граға тыйым салып отырған екінші елді-мекен. Тағы бір айта кететіні, фуа-гра санаулы елдерде ғана беріледі. Олардың барлығы еуропалық елдер: Белгия, Франция, Испания, Венгрия және Болгария. Фуа-гра дегеніміз не өзі, қандай ас, осы сауалдарға жауап бере көтейік: фуа-гра француздың foie gras сөзінен алынған, «майлы бауыр» мағынасын береді. Фуа-гра үшін құстар үші кезең бойынша жемделеді, яғни, бордақыланады. Алғашқы төрт айда балаландар табиғи жағдайда өсіріледі. Тез өсуі үшін. Екінші кезеңде қамап ұстайды – қозғалысына шектеу қояды, тез ет алып, қоңдануы үшін. Бұл кезеңде құстарға ақуыз бен крахмалға бай қоректер беріледі. Содан соң құстар 8-10 аптаға еткенде күштеп жемдеу кезеңіне өтеді. Ұзындығы 12,5 сантиметрге дейін жететін түтікше арқылы жемді нығыздап өңешіне жытырады. 21 күн қатарынан. Бұлай бордақыланған құстарға күніне 1,8 келіге дейін бидай немесе жүгері жегізеді. Яғни, нормадан он есе артық жемделеді. Ал бордақыланған құстың бауыры қалыпты құстың бауырынан ое есе үлкен болмақ.

0 пікір
Мұрағат