Фронт-Роял қаласында ең ауыр күнәлардың біріне рұқсат берілді
Фронт-Роял қаласында ең ауыр күнәлардың біріне рұқсат берілді
2 жыл бұрын 942

АҚШ-тың Вирджиния штатына қарасты Фронт-Роял қаласында балгерлікке, Таро картасы бойынша бал ашуға және сиқырлықпен айналысуға ресми рұқсат берілді. Яғни, қалалық кеңестің алты мүшесінің төртеуі қасиетті Құранда ең ауыр күнәлардың бірінен саналатын сиқырлықты жақтап, дауыс берген. Бұл жайында ABC7/WJLA телеарнасы хабар таратты. Алайда, жергілікті тұрғындар осы мәселе қарастырылып жатқанда қалалық кеңес ғимаратының алдында сиқырлықпен айналысуға рұқсат беретін құжаттың қабылдануына наразылық білдірді. Тұрғындар осы қалада ашылған бал ашу салонының жанындағы дүкендерге байкот жариялайтынын жеткізді. Фронт-Роял қаласының іргетасы 1788 қаланған болатын. Аталмыш қала  ел астанасы – Вашингтоннан батысқа қарай 122 шақырым қашық орналасқан. Шаһарда 14500-ге жуық адам тұрып жатыр.

0 пікір