"Француз жынын" 20 оқпен әрең өлтірді (ВИДЕО)
"Француз жынын" 20 оқпен әрең өлтірді (ВИДЕО)
8 жыл бұрын 3479 qamshy.kz

Бұрынғы ММА чемпионы Амокран Сабэ екі жылға жуық Бадунг округындағы Бали аралында виллада тұрды. Қаһарлы спортшы айналасын қорқынышта ұстап, шыныққан қылмыскердей мінез танытқан. Ол жергілікті мектептерде ешқашан шот төлеген емес. Полция бастығы оған бөлімшеге баруға мәжбүр екенін ескерткенде, Сабэ оған физикалық зорлық көрсеткен. Жергілікті тұрғындар шетелдік буйннің надандығынан зардап шегіп келген. Ол көшеде жәй ғана келе жатқан ерлі-зайыптылардың еріне назар аудармастан әйеліне қорлық жасайтын болған. Спортшы өзінің жеке үстемдігін айтарлықтай пайдаланған. Соның кесірінен көптеген туристер мен көршілері қауіп-қатерге кез болады. Полицейлер оны ұзақ уақыт қолға түсіре алмады және оның визасының уақыты біткенін күткен. Депортация туралы шешім қабылданып, спортшыны құрықтауға көші-қон поициясының күшейтілген нарядының қызметкерлері қатысты. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін спортшының үйінде нағыз қанды оқиға күтіп тұрған еді. Сабэ, тіпті, келушілерге де құлақ аспады. Ол көшеге пышақ ала жүгірді. Полицейлердің ауаға оқ атып ескертуі нәтиже бермеген соң, қауіпсіздік күштері оқ жаудырды. Бірақ, бұл французды тоқтата алмады. Ол куәгерлердің көзіне жын кіргендей көрінді. Тек 20 оқ жаудырғаннан кейін ғана тоқтап, жаны шықты. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары атап кеткендей, курортты аудан оны "француз жыны", деп, көпке дейін есте сақтады.  

 

0 пікір
Мұрағат