Францияда кафеде жарылыс болды
Францияда кафеде жарылыс болды
9 жыл бұрын 3766

Жұма күні таңертең Францияның Вильфранш-сюр-Саон қаласында мешітке жақын орналасқан бір кафеде жарылыс болды. Кафенің әйнектері сынғаны болмаса, ешкім зардап шекпеген.

Одан алдын Ле Ман қаласындағы бір мешіт ауласына белгісіз біреулер үш дана жарылғыш зат лақтырған болатын. Одан кейін басқа бір ғибадат үйіне тапаншамен оқ жаудырған жағдайлар да орын алды. 

Елдің оңтүстігінде орналасқан Пор-ла-Нувель ауданында тағы бір мешітке оқ атылды. Оқиға кешкі намаздан кейін болған. Бірақ ешкім зардап шеккен жоқ. 

0 пікір
Мұрағат