Франция оқиғасындағы қаһарман мұсылманның ерлігі!
Франция оқиғасындағы қаһарман мұсылманның ерлігі!
9 жыл бұрын 7042 www.huffingtonpost.com

Лассана Батили (Lassana Bathily – суреттегі) – Францияның әлеуметтік желілерінде ерлігімен ел аузына ілігіп, «қаһарман» ретінде танылып үлгерді. Ана құшағындағы сәбиді қоса есептегенде барлығы 15 шақты кісіні қандықол лаңкестің құрығынан құтқарып қалған Лассана Бафили МҰСЫЛМАН боп шықты.

Оқиға былай болған, Париждегі «кошер» стандартына сай өнімдер сататын яһудилердің «Гипер Кошер» маркетіне қарулы күйде кіріп келген Амеди Кулибали (Amedy Coulibaly) есімді лаңкес  полицияға «ағайынды Шериф пен Сайд Кучи басып алған баспа үйіне шабуыл жасайтын болса, маркеттегі тұтқындардың бәрін атып тастаймын» деп қоқан-лоққы көрсетеді. Тіпті, тұтқындардың арасынан төртеуін атып та тастайды.

Бұл уақытта Лассана Бафили 15 шақты адамды алып төменгі қабатқа түсіп үлгереді. Сөйтеді де, қоймада орналасқан үлкен тоңазытқышты тоқтан суырып, алып түскен адамдарын соның ішіне кіргізеді. Ал өзі жарықты өшіріп, жүк тасымалдайтын лифтімен жоғары шығып кетеді. BFMTV телеарнасына берген сұхбатында Лассана Бафили: «Төменге менімен бірге түскен бірнеше адамды тоңазытқышқа кіргізіп, тоғы мен бөлменің жарығын өшірдім де «тыныштық сақтап осы жерде отыра тұрыңыздар» деп өзім жүк тасымалдайтын лифтімен жоғарыға көтеріліп кеттім», – дейді. Бұл арада полиция да лаңкесті өлтіріп, операцияларын сәтті аяқтайды. Бірақ, полиция Лассананы да террористердің бірі санап, қолына кісен салып, бөлімшеге алып кетеді. Кейін істің ақ-қарасын анықтап, парқына барған полиция қызметкерлері Лассананы 1,5 сағаттан кейін қайта босатады.

Париждегі соңғы терроризмдердің айыбы бүкіл мұсылманға тағылып жатқанда, Лассананың бұл ерлігі қазір әлеуметтік желілерде үлкен толқыныс тудырып тұр. 

1 пікір
Мұрағат