Франция мен АҚШ Мысырдан ұрлаған жәдігерлерін қайтаруда
Франция мен АҚШ Мысырдан ұрлаған жәдігерлерін қайтаруда
2 жыл бұрын 876

Каир қаласының әуежайына Мысырдан контрабандалық жолмен Францияға әкетілген 240 көне жәдігер тиелген ұшақ келіп қонды. Бұл баға жетпес тарихи мұралардың ішінде түрлі дәуір мен кезеңге жататын жәдігерлер бар. Олардың дені эллиндік және римдік дәуірлерге тиесілі. Нақтырақ айтқанда, алтын білезік, жүзік, алқа, қыш бұйымдар, мүсіндер, шақалар, бойтұмарлар, т.б. заттар да осы жәдігерлердің арасынан шықты. Көне жәдігерлер министрі Маһмұд әл-Даматидің айтуынша, бұл жәдігерлерді пайда көздеген арам ниетті археологтар ұрлап әкеткен. Оның сөзіне қарағанда, бұл жәдігерлерді қайтару оңайға соқпаған. Олардың Мысыр мәдениетінің ажырамас бөлігі екенін дәлелдеген соң ғана қайтарудың сәті түскен. Соңғы уақытта пирамидалар еліне АҚШ пен Франциядан кезінде қолды болған 380 көне жәдігер қайтарылған. Олардың бәрі реставрациядан кейін ел астанасының  қақ ортасындағы Таһрир алаңындағы ұлттық мұражайға қойылады. 

0 пікір