Forbes-тың жүздігінде 5 мұсылман ақ жаулықтысы бар
Forbes-тың жүздігінде 5 мұсылман ақ жаулықтысы бар
3 жыл бұрын 1423

Әлемге әйгілі Forbes журналы жыл сайын тізімін түзетін ең ықпалды 100 әйелдің арасында 5 бірдей мұсылман ақ жаулықтысы бар. Осынау мәртебелі тізімге енген ықпалды әйелдер күллі әлемнің 250 үміткерінің арасынан 8 санат бойынша іріктеліп алынды: 1. Миллиардер; 2. Бизнес-леди; 3. Танымалдылығы; 4. Қаржы саласында; 5. Бұқаралық ақпарат құралында; 6. Қайырымдылық істері; 7. Саясаттағы орны; 8. Технологиялық жетістігі.

Осы тізімнің ортасынан ойып тұрып орын алған Бангладеш премьер-министрі Хасина Уәжид ханым 47-ші орынға табан тіреген екен. Ал 55-ші орынға Біріккен Араб Әмірліктерінің халықаралық ынтымақтастық және даму министрі Любна әл-Қасым жайғасқан. Іскерлігімен көзге түскен, Olayan Financing компаниясының бас директоры саудиялық Любна С. Олаян 86-шы орыннан көрінген. 91-ші орында Катар билеушілер әулетінен шыққан Маясса Ас-Санидің есімі тұрса, 94-ші орында – БАӘ-дегі аса ірі Jaber Group құрылыс компаниясының жетекшісі Фатима әл-Жәбір.

Бір айта кетерлігі, әлемдегі ең ықпалды әйелдердің тізімін Германия канцлері Ангела Меркел бастап тұр. Ол осымен қатарынан төртінші жыл тізімнің алдын бермей келеді.

0 пікір