Филиппинде баспанасы жоқ жандардың қонақ үйде тұрғаны белгілі болды
Филиппинде баспанасы жоқ жандардың қонақ үйде тұрғаны белгілі болды
9 жыл бұрын 3074

Елде тұрмысы нашар азаматтардың бар екенін жасыруға тырысқан Филиппин үкіметінің әрекеті халықтың ашу-ызасын тудырды.

Жуырда Рим Папасының осы елге іс-сапары кезінде биліктің пәрменімен 500-ге жуық баспанасы жоқ филиппиндік ең қымбат қонақ үйге орналастырылған. Бұл жайында nur.kz сайты The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты.

Рим Папасының ресми іссапарынан кейін бұл жайттың басы ашылды. Баспанасы жоқтарды тәулігіне бағасы 540 АҚШ долларын құрайтын қонақ үйге төрт күнге орналастырғаны белгілі болды.

Бұл жағдайды Филиппин әлеуметтік қамсыздандыру және даму министрі Корасон Солиманның өзі растап отыр. Солиман баспанасы жоқ азаматтардың жағалау бойындағы лашық үйлерде немесе екі пальмаға байланған гамактарда тұратынын айтып өтті.

Үкіметтің осындай әрекетке баруын Рим Папасының уағыздарын тындауға жиналған адамдарға кедергі келтірмеу үшін жасалды деп отыр. Министрдің айтуынша, елдегі баспанасыздар арнайы оқу курстарынан өтіп жатқан көрінеді.

0 пікір
Мұрағат